$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Ғашықтар күні: бүгін Қазақстанда қанша жұп неке қиды

AstanaTV
16.04.2025ж. 00:21
80
Ғашықтар күні: бүгін Қазақстанда қанша жұп неке қиды
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың 15 сәуірінде ел аумағында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай некеге тұрғандар саны артты. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, дәл осы күні республика бойынша 500-ден астам жұп некесін ресми түрде тіркеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Некелескендер саны бойынша көш басында Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы тұр.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 23 835 неке тіркелді. Ең көп тіркеу Алматы, Астана және Түркістан облыстарында жасалды, – делінген ведомство таратқан хабарламада.