Абай облысында алимент қарызы 1,2 млн теңгеден асқан борышкер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысының Ақсуат ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген 41 жастағы азаматты анықтады. Оның қарызы шамамен 1 200 000 теңгені құрады. Борышкер әке Өскемен қаласында жасырынып жүргенін. Қазіргі уақытта материалдар берешекті өндіру бойынша әрі қарай шара қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды.
Жалпы, жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелері 65 борышкерді анықтады. Олардың қатарында алимент, салық төлеуден және материалдық шығынды өтеуден жалтарып жүрген азаматтар бар.