Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды полициясы қызметте қаза тапқандардың құрметіне бейнебаян түсірді

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
2495
Қарағанды полициясы қызметте қаза тапқандардың құрметіне бейнебаян түсірді

Қарағандылық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан сақшылардың құрметіне бейнебаян түсірді. Соңғы 25 жылда опат болған 26 азаматқа арналған дүние «Ищу тебя» деп аталады. Бүгін туындының тұсауы кесілді. Кейіпкерлерді полицейлердің өздері сомдаған.

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай түсірілген бейнебаян қызмет барысында көз жұмған сақшылардың жұбайы мен ата-анасының сағынышын суреттейді. Қылмыскерлермен күрес барысында кездесетін шынайы оқиғаларға негізделген. Ішкі істер қызметінің тарихы жазылған «Сөнбес жұлдыздар» кітабы жарыққа шықты. «Күт мені» әні мен «Қазақстан сақшысы» атты жаңа марш тұңғыш рет орындалды.

1998 жылы Қарағандыдағы қант орталығына жасалған қарақшылық шабуылда қылмыскерлерді ұстау кезінде мерт болған тәртіп сақшылары туралы «Горький сахар» атты фильмнің аңдатпасы көпшілік назарына ұсынылды. Еске алу шарасынан кейін саланың үздіктері марапатталып, жоғары шен алды. Марқұм полицейлердің жесірлері мен туыстарына арнайы тарту жасалды. Бірнеше күн бұрын тәртіп сақшыларына 103 қызметтік көліктің кілттері табысталған.

Мергенбай Жаппаров, облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры:

Осы 25 жылдықта полицияның жеткен жетістіктері көп қой. Өз атымнан, ішкі істер департаментінің атынан бар күш-жігерімізді халықтың тыныштығына, халықтың қауіпсіздігіне,қылмыстың тез арада ашылуына жұмсаймыз  деп серт беремін.