Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ЭКСПО көрмесі аясында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігінің Ұлттық күні өтті

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
4280
ЭКСПО көрмесі аясында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігінің Ұлттық күні өтті

Ұлыбритания 2020-шы жылға қарай өзіне қажетті энергия көзінің басым бөлігін теңіз жағалауынан соғатын жел көздерінен өндірмек. Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында өтіп жатқан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігінің ұлттық күні аясында осындай деректер айтылды.

Жалпы биыл Британия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл болған. Мұнымен қатар аталмыш корольдік - Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған елдің бірі. Бүгін британдықтар ұлттық күні аясында дәстүрлі ән-биінен шашу шашып, ЭКСПО қалашығын той-думан орталығына айналдырды.

Бақдәулет Сандалұлы,  ЭКСПО көрмесіне келуші:

Бір күнде 120-ға жуық елдің мәдениетін көріп, өзіміз де таңқалып тұрмыз. Бұл бұрын-соңды бізде болмаған өте тамаша екен. Алла жақсылығын беріп, ел аман, жұрт тыныш болсын.

«Ұлыбританияның Инновациясы» шоуы аясында осы елдің технологиядағы жетістіктері де көрсетілетін болады. Ал ЭКСПО көрмесі шетелдік туристтерді де, отандастарымызды да таң-тамаша күйге бөлеп жатыр.

Питер, Ұлыбританиядан келген турист:

Бізге Қазақстан өте керемет әсер қалдырды. Жалпы шет елдерді аралағанды ұнатамыз. Қазақстанды кішкентай ғана мемлекет деп ойлайтынбыз. Өте үлкен ел екен.

Рая, Ұлыбританиядан келген турист:  

Біз бірінші Алматыға бардық. Одан кейін Астанаға келіп тұрмыз.  Екеуінде де адамдар қонақжай екен. Енді міне, ЭКСПО-ға келдік. Сөз жоқ, ұнады, керемет.

Зарықхан Бағлат, ЭКСПО көрмесіне келуші:

Біз Астананы өте көркем қала деп отырмыз. Ал енді келешекте мұнан бетер әсем етуге қандай мүмкіндіктеріміз бар екенін осы көрмеден ақ байқауға болады екен деп түйдік. Сол сияқты әр елдің өз ерекшелігі бар. Бүгін Ұлыбритания күні екен. Ұлыбританияда өз мүмкіндігін көрсетіп жатыр.