$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып қалды

AstanaTV
20.04.2025ж. 18:48
97
Жамбыл облысында үш бала газдан уланып қалды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов

Бұл туралы Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды, — делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀

Алдын ала тергеу мәліметінше, үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген. 19 сәуір күні аталған факті «Адам өлу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Әкімдік марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, — делінген хабарламада.