$506.21 €568.42 ₽6.3
×

WhatsApp-та чаттар мен арналарды автоматты түрде аудару мүмкіндігі пайда болды

AstanaTV
21.04.2025ж. 09:43
194
WhatsApp-та чаттар мен арналарды автоматты түрде аудару мүмкіндігі пайда болды

 WhatsApp мессенджерінің Android жүйесіне арналған бета-нұсқасында чаттар мен арналардағы хабарламаларды автоматты түрде аудару мүмкіндігі іске қосылды. Бұл туралы 24.kg  WABetaInfo порталына сілтеме жасап хабарлады.

Android жүйесінде WhatsApp-тың 2.25.12.25 нұсқасын орнатқан бета-тест қатысушылары аударма жасау үшін тілдік пакеттерді жүктей алатын болды. Қолдау көрсетілетін тілдер қатарына орыс, испан, араб, португал және хинди тілдері кіреді. Бұдан бөлек, пайдаланушыларға тілдерді автоматты анықтайтын арнайы пакет те қолжетімді — бұл бірнеше тіл қолданылатын топтық чаттарда өте пайдалы.

Аударма автоматты түрде жүзеге асады, дегенмен қажет болған жағдайда жекелеген хабарламаларды қолмен аударуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, барлық әрекеттер құрылғының өзінде орындалады — мәліметтер сыртқы серверлерге немесе Meta компаниясына (Ресейде экстремистік деп танылып, тыйым салынған) жіберілмейді.

Аудару мүмкіндігі жеке чаттарда, топтарда және арналарда қолжетімді. Алайда бұл функция әдепкі бойынша өшірілген күйде болады. Жақын арада қолдау көрсетілетін тілдер тізімі кеңейіп, қосымша тілдік пакеттер енгізіледі деп күтіледі. 

Жаңалық қазіргі таңда WhatsApp-тың бета-нұсқасын жүктеген кейбір қолданушылар үшін қолжетімді. Бұл функцияның тұрақты нұсқаларда қашан пайда болатыны әзірге белгісіз.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.