"Елімізді толықтай газбен қамтамасыз ету үшін 10 жылдың өзі жеткілікіз". Сала министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында осылай деді. Бүгінде Республиканың 62 пайыздан астамы көгілдір отынға қосылған. 12 млн 600 мың адам газға қол жеткізген. Биыл бұл көрсеткішті 218 мыңға арттыру жоспарда бар. Осы мақсатта 84 жобаға 112,5 млрд теңге бөлінді. Негізінен, еліміздің көгілдір отын бойынша әлеуеті зор. Табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрден асады. Дегенмен, оны игеру саласы ақсап тұр. Осы бағытта Үкімет басшысы жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Газдандырудың бас схемасына сәйкес 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін Бейнеу, Бозай, Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісі және Талдықорған, Үшарал газ құбыры сияқты жобалар іске асырылып жатыр. Оларды үнемі бақылауда ұстау қажет.