$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті

AstanaTV
24.04.2025ж. 10:03
63
Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті
Фото: 24.kz

Ыстамбұлда болған күшті жер сілкінісі салдарынан 236 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер сілкінген кезде дүрбелеңнен көптеген адам биіктен секірген. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Түркияның денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы мәліметті әлі айтпады.

Сәуірдің 23-і күні Түркияның Ыстанбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Қазір афтершоктар жалғасуда.