Пәкістан әскерилері сенбіден жексенбіге қараған түні Үндістанның Джамму және Кашмир одақтық аумағындағы бақылау сызығында оқ жаудырды, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы Үндістанның PTI агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Шекарадағы атыс Тутмари-Гали және Рампур аудандарында тіркелді. Үндістан армиясының әскери қызметкерлері жауап ретінде «шағын қарудан оқ» атты, деп мәлімдеді дереккөздер.
Құрбандар туралы ақпарат түспеді.
PTI атап өткендей, Джамму және Кашмирдің Пахалгам қаласында болған террорлық шабуылдан кейін Үндістан-Пәкістан шекарасындағы бітімгершілік туралы келісім осымен үшінші рет бұзылып отыр.