Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы әлі түгел зерттеліп, халыққа толық жеткен жоқ. Ғалымдардың міндеті -табылмай жатқан туындыларды жарыққа шығару. Өйткені архивтерде зерттеуді қажет ететін еңбектер бар. Тарихшылар осылай дейді. Биыл "Аққан жұлдыздың" туғанына 190 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда Шоқанның тағдыры баяндалып, ғылыми мұрасынан сыр шертетін көрме өтті.
МАҚСАТ АЛПЫСБЕС, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
Әлкей Марғұлан әртүрлі саяси-идеологиялық себептермен архивте жатқан әлі де Шоқанның жазбалары бар екенін ескертіп кеткен. Сол Шоқанның табылмай, немесе белгісіз боп жатқан еңбектерін жариялап, әлі де болса соны жарыққа шығару біздің ұрпақтың парызы.