$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Елімізде 2 686 мүмкіндігі шектеулі жас жоғары білім алуда

Елімізде 2 686 мүмкіндігі шектеулі жас жоғары білім алуда

Қазір елімізде 2 686 мүмкіндігі шектеулі жас университеттерде білім алуда. Оның бесеуінің ғана аутизм белгісі бар. Бұл көрсеткіш көңіл көншітпейді. Осы мәселеге орай, Астанада «Әрекет ету уақыты» атты форум өтті. Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жүйелі қадамдар кешені талқыланды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова ерекше балаларды қолдауға арналған заң жобасы Сенатта жасақталып жатқанын айтты. Онда мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын сүйемелдейтін орталықтар ашу, әлеуметтік кәсіпкерлік негізінде салықтық жеңілдіктер қарастыру мәселелері ұсынылған.

ЕКАТЕРИНА СМОЛЯКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бакалавриаттың міндетті компонентіне осы инклюзия бойынша бір пәнді, бір дициплинаны қосу. Бұл дегеніміз, кез келген маман ертең университет қаббырғасынан шыққанда жалпы инклюзияның не екенін және ондай жандармен қалай қарым-қатынас жасау, қалай сөйлесу керек, қалай жұмыс істеу керектігін біліп шығатындай болу керек.