$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Алматы облысы Долан ауылындағы жайлы мектепте Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара өтті

AstanaTV
29.04.2025ж. 20:00
128
Алматы облысы Долан ауылындағы жайлы мектепте Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара өтті

Алматы облысы  Қарасай ауданына қарасты Долан ауылындағы “Жайлы мектепте” түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мерекелік жиын өтті. “Бір шаңырақ астында” атты  шара оқушыларды татулық пен сыйластыққа тәрбиелеуді мақсат етеді. “Балалар әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сахналық қойылымдар арқылы көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сондай-ақ қолөнер көрмесі өтті. Шығармашылық  жұмыстар таныстырылды. Ұлттық ойындар да болды.   
АСЕМ АРҒЫНҒАЗИНА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Ұлт пен ұлыстың арасындағы татулықты, береке-бірлікті шәкірттеріміздің бойына насихаттау. Мектебімізде өзге ұлт өкілдерінің оқушылары бір шаңырақтың астында тату тәтті білім алуда. Осы оқушыларымызға әрбір ұлттың мәдениетін әдет ғұрыпын насихаттап, бір бірін құрметтеуге өзара татулыққа тәрбиелеудеміз.