$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Мемқызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль алып берді

AstanaTV
30.04.2025ж. 21:35
93
Мемқызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль алып берді
Фото: ашық дереккөзден

Мемқызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль алып берді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, дем хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен, – дейді ол ведомствода өткен брифингте.

Ол тексеру қорытындысы бойынша не анықталғанын айтты.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.

Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған. Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленді, – деді Бигайдаров.