30 сәуір күні сағат 13:17 шамасында Қытайдың Шаньси провинциясы, Тайюань қаласындағы тұрғын үй ауданында жарылыс болды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 17 адам жараланған, оның ішінде 4 адам ауыр жарақат алды. Ал 3 адам емделген соң үйлеріне жіберілді.
Өрт сөндіру-құтқару қызметкерлері жарылыс болған ғимаратқа кіріп, әр пәтерді тексеріп жүр. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан қалың түтіннің жан-жаққа таралып жатқанын, жақын маңдағы тұрғын үйлердің әйнектерінің сынғанын және бірнеше көліктің өртенгенін көруге болады.