Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаңа сайланған сенаторлар депутаттық куәліктерін алды

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
2940
Жаңа сайланған сенаторлар депутаттық куәліктерін алды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеді. Оларға депутаттық куәліктері мен төс белгілер табысталды. Осылайша сенат құрамы 16 адаммен толықты. Әр облыстан бір адам сенат депутаты атанды. Сайлау науқанында 89 кандидат ұсынылған. Оның 38-інің аты-жөні сайлау бюллетеніне енгізілген. Республика бойынша сайлаушылардың келуі 98,5 процентті құрады.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

16 депутаттық мандаттың 12-не жаңа адамдар таңдалды. Олардың өңірлік деңгейде басшылық лауазымда мол тәжірибелері бар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жете таныс.