ЭКСПО алаңында Словакия Республикасының Ұлттық күні өтті.
Шарада сөз алған сол елдің экономика министрлігінің өкілі, мемлекеттің
географиялық орналасу аумағы жаңа басталамарды ашуға кері әсерін тигізбейтінін, айтты. Орталық Еуропада орналасқан ел Қазақстанда өтетін ауқымды көрмеге
шақыру түскенде бірден қатысатынын білдірген. Себебі жаңа энергия көздері
идеясы - мұнда да маңызды бағыттардың бірі.
Войтех
Ференц,
Словакия Республикасы экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы:
«Болашақ энергиясы» тақырыбын көтерген «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатыса отырып, жаңғыртылатын
энергия көздерінің әлем елдерінде қолға алынып жатқанына аса мән беріп отырмыз.
Біздің ел аталған тақырыпты негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғауды
стратегиялық тұрғыдан маңызды бағыт ретінде таңдаған. Павильонымызда түрлі
өнертабыстар қойылған.
Ресми бөлімнен кейін жиналған жұрт мерекелік бағдарламаны тамашалады. Словак жерінен келген «Лучница» ансамблі кәрі құрлыққа кеңінен танымал. Көрермен қауым олардың өнеріне тәнті болды. 60 жуық өнерпаздың дені Қазақ жеріне алғаш келген. Алған әсерімізді айтып жеткізе алмаймыз, дескен әртістер, әсем Астананы әйгілі Лас- Вегасқа теңеді.
Марек Бркца, «Лучница» ансамблінің өнерпазы:
Астана - үлкен әрі керемет қала екен. Біздің елдің аумағы шағын болғандықтан,
салыстырасың. ЭКСПО-ның ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде. Біз мұндай көрмеге
алғаш қатысып отырмыз. Өзім өнер көрсететін ансамбльге алғыс айтамын. Себебі ұжымның
арқасында Қазақстанға келіп, жаңа адамдармен таныстым.