$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан»: Таразда тұрақты жұмысы жоқ 4 қала тұрғыны жұмыспен қамтылатын болды

AstanaTV
26.07.2017ж. 20:00
2844
«Нұр Отан»: Таразда тұрақты жұмысы жоқ 4 қала тұрғыны жұмыспен қамтылатын болды

Таразда тұрақты жұмысы жоқ 4 қала тұрғыны жұмыспен қамтылатын болды. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің мәселесін "Нұр Отан"  партиясының Тараз қалалық филиалы шешіп берген. Жамбыл облыстық жүйке аурулары интернат үйіне қарасты «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау өткізген партиялықтар 5 адамның өтінішін тыңдады. Келушілер бұл қабылдаудың болатынын бір ай бұрын естіп, кездесу сәтін асыға күттік дейді. Олардың дені жұмыс мәселесімен келгендер. 3 азамат өз жұмыстарын өзге салаға ауыстырғысы келетінін айтса, тағы қос қала тұрғыны тұрақты жұмыс табу жолын сұрады. Арыз-тілегін айтқан азаматтар арасында жұмыс тәжірибесі жоқтар да бар. Соған қарамастан, төрт тұрғын технолог, психолог, санитар-тазалаушы қызметтері бойынша тұрақты жұмысқа тұрғызылатын болды. Ал, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков жұмыс мәселесін жеделдетіп реттеуді мекеме басшысына тапсырып, "Нұр Отанның" назарында болатынын айтып өтті.

Мұрат Бердалиев, №60 «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Қабылдауға бізге көмекші, демеуші ретінде қалалық партиялық филиалдан келіп қатысып отыр. Біз оған қуаныштымыз. Өйткені, бұл партияға деген халықтың сенімін жоғарылатады. Халыққа деген жақсы бір қадам. Өйткені  халықтың бәрін орталыққа сабылтпай, осында алдын-ала келіп, келісіп кездесу жасағаны өте орынды іс.

Қалия Қонақбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

Қоғамдық қабылдау деген хабарды ести сала, жұмыссыздар қатарында болғандықтан, осы жүйке аурулар интернат үйіне қызметке қабылдансам деген өтінішпен келген болатынмын. Мұндағы партия мүшелері мені тыңдап, өтінішімді қабылдады. Осындағы жүйке аурулар үйіне әлеуметтік қызмет бөліміне уақытша жұмысқа қабылдандым.