Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
2322
Алматы облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Алматы облысындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлама таратты. Ал апаттан соң Азаматтық авиация комитеті елде ЯК-12 ұшағын пайдалануды тоқтатты. Бұл шешім тергеу аяқталғанша күшінде болады.

Егістікке дәрі себу кезінде ұшақтан құлап, мерт болғандардың есімі белгілі болды. Олар "Қазавиа" ЖШС ұшқышы Хамит Ақберген мен "Аршидинов" шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов. 63 жылы шыққан ЯК-12 ұшағы "Қазавиа" ЖШС тиесілі. Олар қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін жеткізді. Компания өкілдері ұшқыш білікті, ал техника бабында еді деп отыр.

Сергей Ерохин, "Қазавиа" ЖШС директорының орынбасары:

Ұшақты тізгіндеген Қарағандының тумасы. Бізде 5 жылда қызмет істеген, мақтаулы азаматтарымыздың бірі болатын. Талай рет көкке де көтерілген. Әуе кемесінің құжаттары түгел, бабында болатын. Ал ұшқыштың кәсіби біліктілігіне күмән жоқ. Әуе кемесіне барлық рұқсаты болды. Не болғанын өзіміз де түсіне алмай дал болып отырмыз. 

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында комиссия жұмысқа кіріскен. Оқиғаның дәл неден болғаны белгісіз, алайда мамандардың өз болжамы бар.

Жәнібек Тайжанов, ҚР ИДМ қарасты көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры:

Алдын ала болжам бойынша ұшақ у шашып жүріп жер қабатына соғылып қалуы мүмкін. Осы оқиғаға қатысты тиісті комисия құрылып, оқиға орнына кетті. Жұмыс қортындысы бойынша қосымша ақпарат таратылатын болады.