$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы қайта жөндеуден өткен «Бәйтерек» монументінде болды

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
3983
Елбасы қайта жөндеуден өткен «Бәйтерек» монументінде болды

Астана күні қарсаңында Елбасы шахардың көрікті жерлерін аралады. Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен қайта жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументінде болды, деп хабарлайды Ақорда.

Ғимараттың ішкі келбеті айтарлықтай өзгерген. Монументтің холлына үлкен LED экран қойылып, күмбезі мен бағанасына жылуды сақтап, үнемдеуге мүмкіндік беретін шыныпакеттер орнатылған.

Сондай-ақ, Президент «Нұржол» бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты. Кенесары ханға арналған ескерткіштің жанында орналасқан «Арбатты» аралады. Қазақстандық қолөнершілердің теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасаған бірегей бұйымдарын көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады. Осы жерде «Сарыарқа» ауданының әкімі Мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.

Президент қала тұрғындары және қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенінің жағасында лазерлік шоуды тамашалады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ