$532.74 €617.23 ₽6.77
×

ЭКСПО көрмесі аясында Гана Республикасының Ұлттық күні аталып өтті

AstanaTV
12.07.2017ж. 20:00
2403
ЭКСПО көрмесі аясында Гана Республикасының Ұлттық күні аталып өтті

Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында Гана Республикасының Ұлттық күні аталып өтті.  Африканың батысында қоныс тепкен шағын мемлекет өзіне тән мәдениетімен ерекшеленеді. Елдің еңбекке қауқарлы тұрғындарының 44 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүр. Ал, осы салада өндірілетін дақылдар жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын құрайды. Сондай-ақ сауда-саттық, өндірістен де құр алақан емес.

Атаулы күнге орай қос елдің гимні шырқалып, туы көтерілді. Гана алаңқайы ЭКСПО аумағындағы Африка плазасында орналасқан. Тәуелсіз ел тұрғындарының айрықша қасиеті олар шетінен музыкаға, ән мен биге құмар болып келеді.

Неста Сацкиетей Кофие, Гана Республикасының өкілі:

Астана бізге қатты ұнады. Жер шарының екі жағында орналасқанымызға қарамастан, сіздердің мәдениеттеріңіз  біздікіне қатты ұқсайды екен. Қазақтардың да ән мен музыканы ұнататынын білдік.