Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Египетте қазақстандықтардың не үшін қамалғаны туралы жуырда белгілі болады

AstanaTV
26.07.2017ж. 20:00
2172
Египетте қазақстандықтардың не үшін қамалғаны туралы жуырда белгілі болады

Египетте тәртіп сақшылары ұстаған қазақстандық студенттерге қатысты мән-жай әлі де белгісіз. Мәселенің анық-қанығын білу үшін Сыртқы істер министрлігі Астанадағы Мысырдың сенімді өкілін шақыртқан. Министрліктің ресми өкілі фейсбуктегі парақшасында оларды ұстау себептерін анықтап, жерлестердің құқықтарын қорғау үшін барлық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Кеше Египеттегі елшімізбен кездесу барысында Мысырдың Сыртқы саясат ведомствасы басшысының орынбасары Қазақстанға жақын арада ресми жауап береміз деп мәлімдеді. ҚР Сыртқы істер министрлігіне Египеттің Астанадағы уақытша сенімді өкілі шақырылды.

Еске салсақ, Мысырда араб тілін меңгеруге кеткен қазақстандық 6 студент 5 күннен бері байланысқа шықпай қалған болатын. Кейін оларды полицейлер ұстап алғаны белгілі болды. Студенттердің туыстары, олар Катар қайырымдылық қорының демеуімен тілді дамыту курсына барғанын, айтты.