Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ЭКСПО билеттері арзандады

AstanaTV
14.07.2017ж. 20:00
3556
ЭКСПО билеттері арзандады

ЭКСПОға билеттер арзандайды. Ертеңнен бастап жұмыс және демалыс күні деп белгіленетін бағалар болмайды. Барлығы да 4 мың теңгеге сатылады. Бұған дейін демалыс күнгі билеттің бағасы 6 мың теңге болатын. Кешкі билет 2 мың теңгеден сатылады. Яғни 50 пайыздық жеңілдік сақталады. 15 шілдеге дейін сатып алынған билеттерге де жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, ашық датасы бар билет демалыс күнге алынса, онымен көрмеге екі рет кіруге болады. Ал дәл сол билеттің нақты датасы болса, тағы бір билетті 1 мың теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.