Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Испания корольдігінің Ұлттық күні аталып өтті

AstanaTV
17.07.2017ж. 20:00
3158
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Испания корольдігінің Ұлттық күні аталып өтті

ЭКСПО көрмесінің алғашқы айында Испания корольдігінің павильонын 130 мыңнан астам адам келіп тамашалаған. Дизайн жұмысына 2 млн еуро жұмсалған көрме алаңы жаңартылған энергия көзін жан-жақты зерделейді.

Бүгін көрме аясында Испания корольдігінің Ұлттық күні аталып өтті. Корридоның отаны саналатын мемлекет тек туризм саласымен ғана емес, баламалы энергия көзімен де мақтана алады. Еуропада жасыл энергия өндіруден Испания екінші орынға тұрақтайды екен.  Бұл елде 1077 жел генераторы орнатылған. Соның арқасында қажетті энергияның 40 пайызы табиғи жолмен өндіріледі. Испания депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Қазақстанның ширек ғасырда төрткүл дүниемен тіл табыса білгенін жоғары бағалап, қос ел арасындағы алыс беріс өткен жылы 365 млн еуроға дейін жеткенін мақтанышпен жеткізді. 

Ана Пастор, Испания депутаттар конгресінің төрайымы:

Қазақстан Испанияның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болып табылады. Оған дәлел көп, соның бірі - дәл осы ЭКСПО көрмесі. Өзінің геосаяси жүйесі және адами материалдық ресурстарымен стратегиялық көрегендігі арқасында Қазақстан Еуразиядағы келіссөздер жүргізетін мемлекетке, тұрақтылық пен өрлеудің символына айнала білді. Сондықтан мен үшін осынау маңызды күні Испания Корольдігінің күнінде төрағалық ету  - аса үлкен құрмет.