$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Насихат жұмыстарында арнайы бейнероликтер қолданылып жатыр - Ш.Қожахметов

AstanaTV
17.07.2017ж. 20:00
3393
Насихат жұмыстарында арнайы бейнероликтер қолданылып жатыр - Ш.Қожахметов

Пара беру - бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады. Астана қалалық статистика комитетінде өткен жиынға қатысушылар осылай десті. Жемқорлықтың алдын алуды көздейтін жұмыс тобы жас мамандармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері арнайы жоба аясында 50-ге жуық шара ұйымдастырылған. Мақсат - халықты ортақ іске жұмылдыру. Іс-шара ашық пікірталас форматында өтті. Қызметкерлер сауалдарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалы төрағасы орынбасарының айтуынша, насихат жұмыстары тек баяндама жасаумен аяқталмауы керек. Сондықтан заң бұзған азаматтардың пікірі жазылған арнайы бейнероликтерді көрсету де қолға алыныпты.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары:

Қандай заң бұзушылыққа барғанын, қанша жыл мерзімге шара қолданылғанын және сол түзету мекемелерінде отырған азаматтардың мәселеге қатысты өз көзқарасы, қазіргі уақыттағы ойы айтылады. Телеэкранның арғы бетінде отырған, соны көріп отырған азаматтарға, бостандықта жүрген азаматтарға үндеу тастайды. Бұл барлық мекемелерде жүріп, бейнероликтер түсіріліп, көрсетіліп те отыр.