«Астананың» қарсыласы «Спартак» жауапты қарымта матч алдында бас бапкерсіз қалды. Енді ол Белоруссияның «Шахтерын» жаттықтыратын болады. Алайда, біздің спортшыларымыздың босаңсуына негіз жоқ, - дейді «Астана» бапкері Станимир Стойлов. Себебі қарсыластар тактика жағынан әбден жаттыққан, бір күнгі ойында сыр алдыра қоюы екі талай. Естеріңізге салсақ, алғашқы ойында «біздің команда» 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:
Бәрі
де дұрыс. Бізде айналасы 1 аптаның ішінде 3 бірдей матч өтті. Ертең тамаша
футбол көрсету басты міндет. «Спартак» осал команда емес. Біз өз
мүмкіндігімізді мүлт жібермеуіміз керек.
Келер
жылы бүкіл әлемдік бокс сериясына тағы да 16 команда қатысады. Дебютанттар
арасында Канада мен Хорватия да бар дейді АИБА президенті, Астана телеарнасына
берген сұқбатында. Қалған клубтар бір кезде жобаға қатысқандар. Сондықтан
оларға аталмыш жоба таңсық емес. Чинг Куо Ву турнир тәртібінің жиі аусып,
командалардың бірде қатысып бірде қатыспауын былайша түсіндірді.
Чинг Куо Ву, AIBA президенті:
Бұл сол елдің спортшыларына байланысты. Кейде команда жәй ғана бір маусым демалғысы келеді. Бұл топтың өз еркінде. Мысалға Италияны алыңыздар өткен маусымда қытысқан, биыл жоқ, келер маусымға командасын жасақтап қайта қатыспақ.
WSB-дің ең үздік
командасы болып «Астана арландары» табылды. Біздің жігіттер ақтық кезеңде 6:5
есебімен «Куба Домадорес» жігіттерін тізе бүктірді. Осылайша маусымның үздік
клубы атанған бұлғары қолғап шеберлері келер жылы да үздік нәтиже көрсетпек
ниетте