$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қорғаныс министрлігі жариялаған тендерді сатып алмақ болған 11 адам сотталды

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
3128
Қорғаныс министрлігі жариялаған тендерді сатып алмақ болған 11 адам сотталды

Тендерді таласқа салғандар сотталды. Астананың мамандандырылған ауданаралық әскери соты бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шығарды. Былтыр Қорғаныс министрлігінің жеке әскери құрамаларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметіне тендер жарияланған. Оны алуға бекінген кәсіпкерлер жауапты шенеуніктерге белгілі бір пайызын беретін болып келіседі. Мәселен, олар Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бұрынғы қызметкері Ибадуллаевқа I-Phone 6 пен 30 мың доллар, қаржы инспекциясының қызметкері Тілеубаевқа 5 мың доллар берген. Ал Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері Жұмғазиев пен Шәріповке 70 млн теңгеге жуық пара дайындалған. Ұзын саны 11 адамға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Баязид Дәрібаев, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы:

Коммерциялық ұйымдардың басшылары Кәрімов, Асылбекұлы, Сартаева, Молдабекова,  Сыздықова және Медеуовалар, қалайда лотты ұтып алу үшін, бірігіп әрекет еткен. Конкурстық комиссия төрағасы Жұмғазиевке, оның орынбасары Шәріповке, әскери ведомство мен басқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жасалатын келісімшарт сомасының 12 проценті көлемінде пара бермек болған.