Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қауіпті көлдердегі суды орталау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2369
Қауіпті көлдердегі суды орталау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматыға тау ойпаттарындағы мұздықтардан пайда болған көлдер қауіп төндіріп тұрған жоқ. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мамандары айтты. Қазір мұздықтардан босату жұмысы жалғасуда. Бұған қазынадан 90 миллион теңге бөлінген.

Бүгін сел қаупін төндірген көлдердегі суды орталау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар тағы бір пысықталды. Жалпы қаланың айналасында 36 көл бар. Оның тоғызының қауіпті екенін  бұған дейін мамандар айтқан. Жыл басынан бері тау ойпаттарында орналасқан  көлдер бір жарым миллион текше метр судан босатылды. Қауіпті толығымен сейілту үшін мамандар бұл бағыттағы  жұмыстарды әрі қарай жалғастырмақ. Қазір 9 көлдің маңайына арнайы су сорғыш құрылғылар орнатылған. Күндіз-түні суды арнасынан асырмау жіті қадағалануда.