Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қаңғыбас иттердің көзі 3 күннен соң жойылмайды

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
4464
Қаңғыбас иттердің көзі 3 күннен соң жойылмайды

Астана маңындағы арнайы орынға жеткізілген қаңғыбас иттер кейбіреулер айтып жүргендей 3 күннен соң өлтірілмейді. Олар мұнда айлап өмір сүреді және жаңа қожайынын күтеді. Бұл туралы ветеринарлық қызмет бөлімінің өкілдері айтты. Бір ай көлемінде 150-ге жуық ит иесін тапқан. Ал өзгелеріне еріктілер көмек көрсетіп, қамқорлығына алыпты.

Асан бұл жерге жақсы күшік асырап алу үшін келген. Төрт аяқтыларды 3 күннен соң атып тастайды дегенді естіп, 1 жануардың болсын өміріне араша түспек ниеті де бар. Оның үстіне үйге де сенімді күзетші керек дейді.

Асан, ит асырап алушы:

Өзіме дос ретінде, серік ретінде, үйге қарайтын жануар ретінде үйге қарайтын ит қарап жүрмін. Қазақта айтадығой 7 қазынаның бірі ит деп. Жер үйде тұрамын, ит керек.

Астанада күніне 10 шақты қаңғыбас ит ауланады. Оларды арнайы бригада өкілдері тұрғындардың шағымына орай ұстап әкетеді. Мұнда жеткізілген итті алдымен ветеринар дәрігер тексеріп, құтырған ба, жоқ па, соны анықтайды. Кейін мынандай арнайы орынға тоғытылып, еріктілердің қамқорлығына өтеді. Жануарлар құқығын қорғаушы Ольга Парфенова, мүмкін болса, барлығына да қожайын тауып беруге тырысып жатқанын айтады.

Ольга Парфенова, жануарлар құқығын қорғаушы:

Бүгін 143 ит өз қожайынын тапты. Не бары 1 айдың ішінде. Көптеген адамдар 60 күн ұстайсыңдар, содан кейін не болады деп сұрайды. Бұған жауап беру қиын. Бірақ иттердің өміріне араша түсу үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық ветеринариялық қызмет көрсету бөлімінің 3 бригадасы бар. Мамандардың сөзінше, кей кездері қоршаған ортаға қауіп төндірген иттерді арнайы дәрімен мәңгі ұйқыға жіберетін жағдайлар да болып тұрады.

Бибол Бегалин, Астана қалалық ветеринариялық қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары:

Иттерді мұнда өлтірмейді. Негізі тіпті 60 күн ұстамайды да. Тәртіп бойынша 3 күн ұстау керек, бірақ бұл иттер иелері тапқанша тұра береді. Бірақ иесіне шапқан, балаларды тістеген иттерді оқ дәрімен ұйықтатамыз

Еріктілер әлеуметтік желі арқылы көпшілікті төрт аяқтылардың тағдырына бей-жәй қарамауға шақырады. Өздері де келіп иттер тұрған орынды тазалап, 3 мезгіл тамағын беріп тұрады. Хабарландырулар мен жиналған қаражаттың негізінде жақында Қарағандыға барып, 19 итті жаңа қожайындарына табыстапты.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Ит адамның досы деп жатамыз ғой, осында келіп адамның итке қаншалықты дос екенін де білуге болатын сыңайлы. Мамандар негізі итте қожайынына тартады дейді. Бірі қабаған, ал енді бірі аса қабаған емес деген сыңайлы. Жануарларды құқарып қалғыңыз келсе, сіз де мен сияқты келіп, біреуін алып кетсеңіз болады, мысалға, мен мына күшігімді алып кетпекпін.