$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Министр Т.Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2482
Министр Т.Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады

"Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұрғындар мәселесіне құлақ түрді. Азаматтар жәрдемақы мен мүгедектік тобын тағайындау, еңбек құқықтарын қорғау бойынша арыз-шағымын жеткізді. Нәтижесінде 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы көлемі биылғымен салыстырғанда бір жарым есеге өседі. Осы мақсатқа қазынадан 267 млрд теңге қаралған. Сондай ақ, былтыр 35%-ға көбейген мүгедектер жәрдемақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан тағы 16%-ға өспек. Зейнеткерлер қауымы, зейнетақымен қоса дәрілердің бағасы шарықтайтынына алаңдаулы. Сондықтан әлеуметтік дәріханаларда дәрілерді электрондық тізім бойынша сатып алуды ұйымдастыру жайы қаралмақ.  

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазіргі кезде тиісті жұмыстар қолға алынды. Мысалға, облыс әкімдіктеріндегі тұрақтандыру қорлары, аса қажетті тауарлардың бағасы өскенде халық сұранысын өтей білуі қажет. Премьер-министр құзырлы министрлікке бағаны реттеуде жыл соңына дейін ұсыныстар енгізуді тапсырды.