Астанада
қалааралық жолаушы тасымалдайытн қоғамдық көліктер үшін екі бірдей автобекет
ашылады. Бұл туралы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы мәлімдеді. «Алай - Astra» және «Кеңмарт -
Astra» деп аталатын қос орталық темір жол вокзалы мен «Сапаржай» автовокзалы
маңындағы көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.
22
шілдеден бастап «Алай Astra» көлік орталығынан Павлодарға және оңтүстік облыстарға
қалааралық автобустар жөнелтіледі. Ал «Кеңмарт Astra» орталығынан Қарағанды
және оңтүстік бағыттар бойынша автобустар іске қосылады. Тағы бір атап
өтерлігі, алдын ала сатып алынған билеттер Астананың барлық автобекеттерінде
жарамды. Яғни билет алған жолаушы сапарға «Алай Astra», «КеңМарт - Astana»
немесе «Сапаржай» автобекеттерінің бірінен аттана алады.