Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ЭКСПО аумағында 169 тосын жағдай болған

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2593
ЭКСПО аумағында 169 тосын жағдай болған

ЭКСПО көрмесіне келушілер саны миллион адамнан асты. Шілденің 10-ы мен 16-сы аралығында  277 707 қонақ келген. Орташа есеппен күніне 39 672 адам,- деп хабарлайды ұйымдастырушылар. Көрме басталғалы бері нысандар 8 890 638 рет қаралған. Қонақтардың қызығушылығын туғызған үздік ондықтың көшін Африка Плазасы, Мысыр, Ресей, Түркия мен Жапония павильондары бастап тұр. Бұдан кейін Үндістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Өзбекстан мен Таиланд, Малайзия мен Германияны айтуға болады. Адам көп шоғырланған жерде түрлі оқыс оқиғалар орын алатыны белгілі. ЭКСПО аумағында осындай 169 жағдай тіркелген. Бұлар негізінен - ата-анасынан адасып қалған балалар мен ішімдік ішіп қоғамдық тәртіпті бұзғандар екен.