Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Астана» телеарнасы футболдан БАҚ арасындағы «BAQ League» чемпионатында үшінші орынды иеленді

AstanaTV
24.07.2017ж. 20:00
2182
«Астана» телеарнасы футболдан БАҚ арасындағы «BAQ League» чемпионатында үшінші орынды иеленді

«Астана» телеарнасы бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «BAQ League» футбол чемпионатында үздік үштікке енді. Әріптестеріміздің қарсыластарын тәжірибелі деуге болады. Олар бұл додаға бұған дейін де қатысқан, ал біздің команда алғаш рет бағын сынады. 14 команда шеңбер жүйесімен ойын көрсетті. Кубок үшін талас соңғы мачта болды. «Астана» арнасының футболшылары алаңда «Хабардың» ойыншыларымен кездесті. Ойын 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша қарсыластар жалпы көрсеткіште 31 ұпайға қол жеткізсе, «Астананың» ұпайы  29 балл болды.

Александр Олейник, «ASTANA TV» ФК қорғаушысы:

Көп командалар жақсы ойын көрсете білді. Тіпті екі мәнді есеп те болды. Бірақ, бұл маңызды емес. Өз басым біздің команданың нәтижесіне ризамын. Мақтануға тұрарлық. Өйткені чемпионаттың басында біздің күшімізді көбі бағаламады. Бізге жоғарыдан қарап, бұлар жаңадан келгендер, біз жеңеміз деген сыңай танытатын.