Оңтүстік
Қазақстан облысында үш бірдей аудан орталығы өркендейді. Бұл Шымкент
агломерациясын дамыту жобасы аясында жүзеге аспақ. Мұны бүгін өңірдегі
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілі айтты.
Бақтыбай
Дүйсебековтың айтуынша, тіршілігі Шымкент қаласымен тығыз байланыстағы қала мен
елді мекендердің бір жерге топтануы облыс орталығындағы бірқатар қиындықтарды
жеңілдетеді. Мәселен, Арыс, Сарыағаш қаласы мен Түлкібас ауданының орталығы
Тұрар Рысқұлов ауылдары контрмагнит қала ретінде алынып отыр. Яғни ішкі
миграция тек Шымкентке қарай бағытталмауы үшін, осы аудан орталықтарында
жергілікті тұрғындар үшін мейлінше ыңғайлы жағдай жасалмақ. Қазір Шымкент
қаласына жақын орналасқан көптеген ауылдардан қатынап жұмыс істейтіндер, жайлы
жағдай іздеп қоныстанушылар көп.
Бақтыбай Дүйсебеков, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпақ
тілмен айтқанда, Шымкентке, осы ядросына, агломерацияның өзегіне біз
жеңілдетуіміз керек жұмыстар несін. Оның қанша, қазір мысал үшін айтып
жатырмыз ғой, Шымкенттің өзінде 913 мың, мысалы, адам бар болса, қазір күнделікті
осы жерде 1 млн 200 адам жүреді. Олардың бәрінің проблемасы бар. Жол жағы бар,
басқасы бар, қауіпсіздігі бар, солардың бәрін біз қарастырумыз, сол агломерация
соны біріншіден шешеді деп отырмын.