75 жасқа қараған шағында Кәмшат Дөненбаева дүниеден озды. Мемлекет Басшысы даңқты диқан-механизатор К.Дөненбаеваның туған-туысқандарына көңіл айтып, жеделхат жолдаған. «Кәмшат Байғазықызы жер жыртып, астық өсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан К.Дөненбаеваның есімін, істері мен жарқын дидарын қазақстандықтар жадында сақтайды деп сенемін», деген. Рас, Кәмшат апайдың нұрланған жүзі ерекше еді ғой – парасат пен еңбекқорлық үйлесіп, шуақ шашқан келбет. Еңбек жолы 1957 жылдан басталады – элеваторда істеген. 1961 жылы Қостанай облысының «Харьков» кеңшарында тракторшы болды. Кейін механизатор курсын бітірді. Жылына норманы 200 пайызға дейін артығымен орындады. 1975 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атанды...Отбасын, Отанын, кәсібін жақсы көрген Адам мәңгілік мекеніне кетті...