Әлемде қазақстандық бидайға сұраныс азайған. БҰҰ Азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, соңғы үш жылда экспорттық баға 30, ал соңғы бес жылда 50 пайызға төмендеген. Ал біз өткен айда айттық, биыл Ресей де жақсы өнім жинап -120 млн тонна астық, біздің жақсы өнім жинаған шаруалар қуана да алмай қалды. Оған қосымша, орыстар біздің солтүстік өңірлерге демпингтік бағамен кіріп жатыр дегенді тіпті Мәжіліс депутаты айтып отыр.
Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Нарықта қозғалыс жоқ, бір орнында тұр. Көрші мемлекет мол өнім жинаған, сонымен бірге оны сатуда бұрын соңды болмаған жақсы жеңілдіктер жасап жатыр. Оған қосымша, олардың біздің солтүстік өңірлерге демпингтік бағамен, тіпті «сұрғылт бағамен» кіріп жатқаны жайлы фактілер бар.
«ҚазАгро» қоры сатып алған 115 мың тонна ешнәрсе шешпейді, ал ортадағы делдалдар шаруаларды қысып барады. Жанар-жағар май да, қосалқы бөлшектер де үздіксіз өсіп жатыр. Шаруаның балансы нөл тіпті минуске кетіп барады, -деді депутат. А.Рау Қырғызстан алмай қойған 100 млн долларды астық өндірушілерге бағыттауды ұсынады. 100 млн долларға 600 мың тонна бидай сатып алуға болады, бұл аз емес. Ал негізі, шаруалардан одан да көп сатып алу керек...