Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Германияда денесінде терісі жоқ бала құлан таза айықты

AstanaTV
10.11.2017ж. 20:00
3265
Германияда денесінде терісі жоқ бала құлан таза айықты

Германияда ғалымдар генетикалық ауытқулармен туған бала денесінің 80 пайызын трансгендік терімен жамады. Осы уақытқа дейін бұл аурудың емі жоқ болатын.

5 жасар науқас Хасанның өмірі ұзақ болмайды деп болжанған еді. Өйткені дерттің ауыр түрімен ауыратын балалар кәмелет жасқа да толмайды екен. Денені терімен жамау Бохума қаласындағы клиникада жасалған. Оны зертханада гендік мутациясы алынған баланың өз жасушасынан өсірген. Ота 2 жыл бұрын жасалған, алайда дәрігерлер мұны енді ғана жариялап отыр. Өйткені нәтиже беретініне көз жеткізбек болған. 21 ай өткен соң баланың аурудан құлан таза айыққаны анықталып отыр. Мамандар жеткіншекке бұдан басқа ем қажет емес деп отыр.