$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға мүдделі болуы тиіс - Н.Ермекбаев

AstanaTV
10.11.2017ж. 20:00
2339
Қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға мүдделі болуы тиіс - Н.Ермекбаев

Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар түрлі гранттарды иеленіп, әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға мүдделі болуы тиіс. Сонда ғана азаматтық қоғам дамиды. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді.

Бүгін "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген министр азаматтарды жеке қабылдады. Акцияға аймақтардағы қоғам белсенділері де қатысты. Солардың бірі алматылық зейнеткер Фатима Төреханова дәстүрлі емес діни ұйымдарды азайту, қарапайым адамдардың оларға ілесіп кетуіне жол бермеу жайлы өз ұсынысын жеткізді. Министр азаматтық қоғамды дамытуға қатысты заңдардың жетілдіріліп жатқанын, үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан белсенділіктің жоғары болуы қажеттігін түсіндірді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

ҮЕҰ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізудегі мақсат - азаматтық қоғамды осы үрдіске белсенді түрде тарту. Жұртшылық тақырыпты қалыптастыруға, гранттармен әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға осы жобаларға баға беруге қатысы алады, осы заң қабылданған соң.