$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Соңғы 5 тәулікте Қазақстан аумағында 71 сейсмикалық жағдай тіркелді - Сейсмобақылау орталығы

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
1935
Соңғы 5 тәулікте Қазақстан аумағында 71 сейсмикалық жағдай тіркелді - Сейсмобақылау орталығы

Қостанай облысындағы жер сілкінісінің Ирандағы зілзаламен ешқандай байланысы жоқ. Бұл туралы "Астана" арнасына сейсмикалық бақылау орталығының өкілдері айтты. Аймақ тұрғындары кеше кешкісін жер асты дүмпуін сезген. Оның күші 2 баллды құраған. Зілзала ошағы "Қазан басы" ауылынан 9 шақырымдай аумақта. Жер сілкінісінің күші әлсіз, ғимараттардың бүлінгені жайлы мәлімет түскен жоқ, - дейді мамандар. Айта кетейік, соңғы 5 тәулікте Қазақстан аумағында 71 жер тербелісі болған 

Әнуар Боранбаев, «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу» ұлттық орталығы" АҚ басқарма төрағасы

Рудный қаласында да 2 балдық тербеліс сезілді, ал шаһар зілзала ошағынан 100 шақырымдай қашықтықта тұр. Жалпы, қарашаның 9-ы мен 13-і аралығында 71 сейсмикалық жағдай тіркелді.