$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы өңірлік қоғамдық кеңесі кәсіпкерлікті дамыту жайын талқылады

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
2978
«Нұр Отан» партиясы өңірлік қоғамдық кеңесі кәсіпкерлікті дамыту жайын талқылады

Оңтүстікте шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті қазынадан қаралатын қаржы көлемін арттыру керек. «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесінде осы жайлы айтылды. «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» тақырыбындағы жиында экспорттық потенциалды дамыту жайы да сөз болды. «Оңтүстік» инвестициялық орталығы төрағасының мәліметінше, қиындық көбіне қағазбастылық пен қаражатқа тіреледі. Биыл екі мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Ол үшін 7 млрд теңге бөлінді. Орталық 41 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына сеп болған.

Қуаныш Байтөре, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы:

Кәсіпкерлерімізге  әрі қарай да дамыту үшін, көмектерімізді көрсету үшін  бізге енді қаржы жетпей жатыр.  Келесі 2018 жылға  бізге қаржыландыруымызды көбейтсе. «Нұр Отан» партиясы біздің ұсынысымызды қолдады. Көмектесуге уәде берді. Сол жоспарда жұмыс істейміз деген  ойымыз бар.