Латын әліпбиіне көшу - жарқын болашақтың кепілі. Осы арқылы жаңа технологияларды еркін меңгеруге жол ашылады. Алматыда «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жиында латын қарпіне көшу жайы жан-жақты сөз болды. Республикалық қан орталығына жиналған дәрігерлер мен партия мүшелері маңызды үдеріске қатысты соңғы жаңалықтарды сөз етті. Әсіресе Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды мәселелер қамтылып, соңғы үлгідегі латын әліпбиінің ерекшеліктері де әңгімеге арқау болды.
Камал Жамангөзов, «Нұр Отан» партиясы Бостандық АФ партиялық бақылау комиссиясы төрағасы орынбасары:
Бұл тіл - жаңа технологияның тілі. Сондықтан заманымызға сай болатын болсақ, тіліміздің, еліміздің тәуелсіздігіміздің көрсеткіші ол, әрине, тіл. Тілімізді бәрі меңгерсін, үйренсін, білсін десек - біздің көзқарасымыз латын әліпбиіне көшсек деген мәселе.