Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбелік самбошы әлем чемпионы атанды

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
2498
Ақтөбелік самбошы әлем чемпионы атанды

Ақтөбелік самбошы Есет Қуанов Сочи қаласында өткен әлем чемпионатында қарсыласқа шақ келтірмеді. Қараша айының  9-ы мен 13-і аралығында жалауын көтерген бәсекеге әлемнің 90 елінен 600-ден астам палуан қатысқан.

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында 9 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Қазақстанның намысын 27 спортшы қорғаған. Олардың төртеуі Ақтөбе облысынан. Палуандарымыз 2 қола мен бір алтын медальды жеңіп алды. Әлем үздігі атанған 62 келі салмақ дәрежесінде күрескен Есет Қуанов. Ол финалда жарыс қожайыны Аслан Мудрановты 2:1 есебімен жеңді. Осылайша ақтөбелік палуан әлем чемпионатында елімізге жалғыз алтынды сыйлады. 

Есет Қуанов, самбодан әлем чемпионы:

Самбоның бір носы олимпийский емес. Енді менің ойым алда бар, осы дзюдоға күресіп, енді алдыға айтпай-ақ қояйын, бұйырса, сыртқа шығып, үлкен-үлкен додаларда, жарыстарда топ жаруға тырысамыз. Барымызша еңбек етемін. Ойда бар дзюдоға ауысу.