$453.87 €508.33 ₽5.65

Ұлттық қор қаражаты экономикалық қайтарымы жоғары жобаларға ғана бағытталады

Ұлттық қор қаражаты экономикалық қайтарымы жоғары жобаларға ғана бағытталады

Елімізде Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану әрі активті еселеу үшін кешенді реформалар іске асырылуда. Мемлекет басшысы ел байлығын сақтап, қор қаражатын тек экономикалық қайтарымы жоғары, әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттауды тапсырды. 2029 жылға дейін қордан өңірлердегі инфрақұрылымды дамытуға 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа аймақтарда 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысаны және 50-ге жуық заманауи мектеп пен мәдениет ошақтары салынбақ.  Бастысы, ұлттық қор бюджет тапшылығын жабатын «тұрақты кассаға» айналмауы керек. Квазимемлекеттік сектордың қордан жеңілдікпен қарыз алу мүмкіндігі жойылды. Трансферттер тек стратегиялық маңызы бар ірі жобаларға беріледі. 

ӘБІЛХАЙЫР ТАМАБЕК ,  ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір өңірге бөлінетін бюджеттің 50 проценті білім саласына төленеді. Одан кейін 20 проценті әлеуметтік салалардағы төлемдерге кетеді. Ең соңында дамуға бөлінетін ақша 5-7 процент қана болуы мүмкін. Сол себепті бұл қосымша 6,5 трлн теңге Ұлттық қордан бөле отырып, ауқымды құрылысқа айналдыру керек деді ғой. Ондай ақша бюджетте жоқ. Себебі 29 трлн теңге бюджеттің 10,5 трлн әлеуметтік саланы қолдауға кетеді. Яғни, 30 проценттен астамы. Егерде осындай 3-4 жыл жалпы құрылыстарға бөлетін болса, біраз жеріміз жаңарып, жаңғырып қалар еді.