$453.87 €508.33 ₽5.65

"Miras" республикалық кеңесі алғашқы отырысын өткізді

AstanaTV
02.11.2026ж. 19:00
"Miras" республикалық кеңесі алғашқы отырысын өткізді

«Әділет» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған рухани-мәдени міндеттер сарапқа салынды.   Басқосуда қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтар жүйесін әзірлеу және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері кеңінен сөз болды. «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев жергілікті жерлердегі рухани мұраны сақтап, ел ішіндегі өзекті түйткілдерді шешу үшін арнайы «Miras» аймақтық кеңестері құруды және олардың көшпелі отырыстарын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар ауылдық жерлердегі халық театрларының жұмысын жандандыру, тарихи орындарға виртуалды турлар ұйымдастыру, балалардың шығармашылық жобалары мен «Ұлттық қолөнер мектебі» сияқты бастамаларға қолдау көрсету мәселелеріне назар аударды. 

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Бұл Жолдау – өте өзекті Жолдау. Мәселен, бұған дейінгі Жолдаулардың барлығының кезең кезеңді өзінің сипаты болатын болса, бұл – стратегиялық бағытта, яғни, Қазақ елінің өсіп-өркендеуі жолындағы үлкен мәселелерді, оның ішінде, әлеуметтік, мәселелерді, мына «Халықтық құрылыс» деген мәселелер айтылып жатыр. Оның барлығы осы елдің өркендеуіне өте керекті нәрселер.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы келесі жылдан басталатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасына қатысты, оның ішіндегі өңірлердегі мәдени нысандар, әлеуметтік нысандарға қатысты да арнайы тоқталған ағаларымыз оның бақылауын да, қаржылық бақылау, қаржылық тиімділігі және оның халыққа қолжетімділігіне қатысты өз ұсынарын, нақты ұсыныстарын білдірді. Сондықтан бүгін өт е «Miras» кеңесінің отырысы жемісті де, табысты, нақты ұсыныстармен айтылды».