$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шанхай қор биржасының АХҚО-дағы үлесі 25 пайыз болады – Қ.Келімбетов

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
2971
Шанхай қор биржасының АХҚО-дағы үлесі 25 пайыз болады – Қ.Келімбетов

«Астана» халықаралық қаржы орталығындағы Шанхай қор биржасының үлесі 25 пайызды құрайды. Бұл туралы қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов айтты. Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында іскерлік қарым-қатынас бойынша толық құрам жыл соңына қарай анықталатыны белгілі болды. Әзірге қаржы орталығына NASDAQ, "Жібек жолы" қоры мен Мәскеу биржасы қызығушылық танытып отыр. Қайрат Келімбетов «биржа өкілдерінің көп болғаны экономикалық дамуға жол ашады» дейді.

«Астана» қаржы орталығы жұмысын келер жылы бастайды деп жоспарланған. Қазір орталықта соңғы дайындықтар аяқталуға жақын. Директорлар кеңесіне АҚШ, Ұлыбритания, Дубай қаржы орталықтарының сарапшылары мүше болған.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басшысы:

Шанхай биржасының қоры АХҚО-ның 25 пайызын иемденеді. Ал жыл соңында толық құрылымды анықтаймыз. Бізде Мәскеу биржасымен достық қарым-қатынас орнаған. Олар өңірлік хабты дамытуға көмек көрсетті.