Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұн өндіруден толық жұмыс қуатына көшкен жоқпыз - «Алтын дән» ЖШС басшысы

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
6486
Ұн өндіруден толық жұмыс қуатына көшкен жоқпыз - «Алтын дән» ЖШС басшысы

Оңтүстіктегі ұн комбинаттарында бидай жетіспеушілігі мәселесі әлі де шешімін таппаған. Астық тиеген вагондар ағылып жатқанымен ол қажетті сұранысты жаба алмай отыр. Мәселен, Шымкенттегі ірі ұн өндіруші «Алтын дән» серіктестігі толық қуатында жұмыс істеп жатқан жоқ.

Серіктестік директорының орынбасары Болат Бейсембаевтың айтуынша, қазір қаладағы екі диірмен тәулігіне 15 вагон бидай қабылдап жатыр. Қорда 14 мың тоннадай астық бар, бұл екі аптаға жетеді,- дейді. Кәсіпорынның ұн тарту қуаттылығы 720 мың тонна. Бейсембаевтың айтуынша, үш диірмен тәулігіне 450 мың тонна ғана ұн өндіріп жатыр. Тағы бір қиындық дайын өнімді экспорттау мәселесі 

Болат  Бейсембаев, «Алтын дән» ЖШС директорының орынбасары:

Қазір проблема болып жатыр крытый вагондар. Қазақстан бойынша беріп жатыр любой жерге отгрузканы. Бірақ экспортқа екі вагоннан күндігіне, басқа  бермейді. -Ол аз ба? -Аз ғой. Өте аз. Бізге жоқ дегенде төрт вагон күніне экспорттау керек. Қалғанын Қазақстан бойынша жіберіп жатырмыз.

Оралхан Кулаков,  «ҚТЖ жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:

Вагондар 2,5 сағатта босатылуы тиіс. Алайда астық тиелген вагондар барған жерінде 5-15 тәулікке дейін тұрып қалады. Мұндай фактілер бар. Бәрінде болмаса да, бірақ сондай кемшіліктер кездеседі. Осының өзі тасымалға зиянын тигізеді. Егер дәл осындай сылбырлық жалғаса берсе, вагон паркін екі есе арттырсақ та, 1,5 млн тонна астықты тасып бітіре алмаймыз. Сондықтан жүкті жіберуші мен тасымалдаушы біріге отырып жұмыс істеуі керек 

Еске салайық, өткен айдың соңында бидайдың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты, комбинат жартылай жұмыс қуатына көшкен. Кейбір цехтар жұмысын мүлде тоқтатып, бес жүздей жұмысшы ақысыз еңбек демалысына жіберілген еді. «Алтын дән» серіктестігі директорының орынбасары Болат Бейсембаев олар осы аптада жұмысына оралды деп отыр. Ал Түлкібас ауданындағы ұн тартатын қос диірменнің бірі әлі күнге дейін тоқтап тұрғанын айтты. Бұл жағдай әзірге аймақтағы ұн бағасына әсер ете қоймаған. Әйтсе де жұрт қымбатшылық ұнға да жете ме деп алаңдаулы.