Авторлардың
құқын қорғайтын ұйым Үкімет, Бас прокуратура мен Әділет министрлігіне үндеу
жолдамақ. Бүгін олар өз бәсекелестерін заңға бағынбайды деп айыптады. Сондықтан
олардың жұмысын үкімет қадағалауы тиіс деп отыр.
Сазгер, драматург және
суретшілердің авторлық құқын қорғап жүрген Қазақстан авторлары қоғамының
өкілдері 2009 жылы қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»
заңның 46 бабын өзгертуді сұрап отыр. Олар, жиналған қаражаттың авторларға төленіп
жатқанын қадағалау жоқ, дейді. Сондықтан бәсекелестеріне коммерциялық талапты
күшейту қажет деп отыр.
Байғали
Есенәлиев, «Қазақстан авторлары» қоғамының бас директоры:
Аккредитация аларда оның арнайы талаптары болады. Қаламақы төлегені туралы мәлімет болуы керек. Ал қазір жеке авторлық қоғамдардың басында мұның бірі де жоқ. Қалай сонда олар аккредитация алып отыр. Мәселе осыда.