Қазақстанның
шет елдерге экпорттайтын астығының көлемі былтырғыдан кем болмайды деп
жоспарланып отыр. Өткен жылы еліміз 8,5 млн тонна дәнді дақылды сыртқа
саудалаған. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Гүлмира Исаева айтты.
Ведомство
өкілінің сөзінше, жалпы экпортталатын тауарлардың ішінде астық өнімдері алдыңғы
орында тұр. Оның барлық тауарлар арасында үлес-салмағы 28 пайызға жуықтайды. Ал
ұн экпорты барлық өнімнің 20 пайызын құрайды. 20 шілдеге дейінгі мәлімет
бойынша дәнді дақылдар мен ұн көлемі 4 млн тоннадан асты. Оның ішінде бидай
экспорты 2 млн,143 мың тоннаға жеткен.
Гүлмира
Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы
вице-министрі:
Біз
астықты негізінен Өзбекстан, Тәжікстан,
Ауғанстан мен Қырғызстанға экспорттаймыз. Мұнан бөлек, Қытай, Таяу шығыс елдері
мен Парсы шығанағында орналасқан мемлекеттердің нарығына кіргенімізге де
біршама уақыт болды. Ол жаққа саудаланатын өнімді ұлғайту жоспары жүріп жатыр.