Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ДАИШ террорлық ұйымы еліміздің 400 жас азаматын құрығына түсірген...

AstanaTV
18.11.2017ж. 20:00
2368
ДАИШ террорлық ұйымы еліміздің 400 жас азаматын құрығына түсірген...

Президент Н.Назарбаевтың мәліметінше, еліміздің 400-дей жас азаматы ДАИШ террорлық ұйымының құрығына түскен. Осы аптада өткен Аstana club-ң отырысында айтқаны интернетте таратылған. Негізі, аталған террорлық ұйымның тас-талқаны шығып жатқаны мәлім.

Шешенстан лидері Сириядан отандастарын, бұрынғы одақ елдерінің азаматтарын әкеле бастаған етін, осы аптада 1988 жылы туған Орал қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған 4 баласымен жеткізілді. Оларды Грозный әуежайында біздің Ресейдегі елшіліктің қызметкерлері күтіп алғанын еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады. «Грозныйдағы қазақстандықтар Отанымызға жақын арада жеткізіледі» деді. Ал «Азаттық» сұхбат алған Қарағанды облысының тұрғыны Орынкүл Қаратаева немерелерімен табысуды армандайды. Оның айтуынша, 2015 жылы маусым айында баласы «Түркияға демалып келеміз» деп отбасын алып кеткен. Кейін ұлының сол жылы күзде соғыста қаза тапқанын естиді. Келіні әуелде жиі хабарласып тұрған, бірақ осы жылдың басында байланыс үзілген. Орынкүл Қаратаева биліктен көмек күтеді: -Енді үкіметтен сұрайтыным, кінәсіз балаларды елге қайтарса дейміз. Балалардың кінәсі жоқ қой. Олар қайда бара жатқанын, қайда тұрып жатқанын да білмейді ғой, - деген...