Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

93 жастағы Зимбабве президенті Мугабе қызметінен кетуге келісті

AstanaTV
20.11.2017ж. 20:00
2110
93 жастағы Зимбабве президенті Мугабе қызметінен кетуге келісті

93 жастағы Зимбабве президенті Мугабе қызметінен кетуге келісті. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, Зимбабве әскери қолбасшылық өкілдері Мугабенің көптеген талаптарын, соның ішінде оның жеке мүлкін сақтап қалу, сондай-ақ оған және оның жұбайына толықтай иммунитет ұсыну туралы талаптарын қанағаттандыруға келіскен.  Бұған дейін 93 жастағы Зимбабве президенті тақты босатудан бас тартқан. Сондықтан өткен сәрсенбіде Зимбабведе әскерилер астананы жаулап, мемлекеттік мекемелерді бұғаттаған. Ал Мугабе мен оның әйелін үйқамаққа алған еді.

Патрик Шинамаса, "ZANU -PF" партиясының құқықтық мәселе бойынша хатшысы:

Қарарда айтылғандай Мугабе жолдас Зимбабве Республикасының президенті лауазымынан дереу отставкаға кетуі тиіс, ал егер мұны 2017 жылдың 20 қарашасында орындамаса, Конституцияға сәйкес импичмент процедурасы басталады.

Мугабенің мал-мүлкі 1 миллиард долларға дейін баратын көрінеді. Президент әйелі Грэйсті мұрагер етпек болған еді. Зимбабвенің келесі президенті кім болатынын әзірге белгісіз, оны сайлау көрсетеді. Бірақ сарапшылардың айтуынша, әскерилердің қолдауына ие болған, бұған дейін қызметінен қуылған бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва болуы мүмкін.