Соңғы
4 айда қазына 300 миллиард теңгедей салықтан қағылды. Бұл ақпарат ЛС сайтында
жарияланды. Мемлекеттік кірістер
комитетінің мәліметінше, қазан айының басында ірі салық төлеуші тоғыз жарым мың
компания 289 миллиард теңгедей қарыз болып қалған. Борышкерлер арасындағы ең
ірі қарыз - 13,4 миллиард теңге. Ал бюджетке берешек шағын компаниялар мен жеке
кәсіпкерлердің саны да 9,5 мыңнан асып кеткен. Олардың қарыздары 8,7 млрд
теңгені құрайды. Бұл аздай 63 мыңнан астам компания жарты жыл бойы зейнетақы
қорына көк тиын да аудармаған. Нәтижесінде зейнетақы қоры 3,5 миллиард теңгеден
қағылды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ